Бүгін Алматыда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың өкілдері баспасөз мәжілісін өткізіп жатыр, деп хаба...
Қордайда 14 жастағы оқушының денесі қорадан табылған
Фото: әлеуметтік желіден
Туыстарының айтуынша, мұғалім 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтып, оқушының әкесін мектепке шақыртуды талап еткен. Осыдан кейін 14 жастағы Қуаныш мектептен шығып кеткен күйі қайта оралмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Оқиғаға жарты жылдан астам уақыт өтсе де, отбасы бұл жағдай туралы көпшілікке тек қазір ғана айтып отыр. Туыстарының сөзінше, 25 ақпан күні Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында алгебра сабағы кезінде бала сыныптасына тақтадағы жазбаны суретке түсіріп жібермек болған. Алайда кадрға байқамай мұғалім де түсіп қалған.
Осыдан кейін педагог 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтып, оқушыдан түсініктеме жазуды және әкесін мектепке шақыртуды талап еткен.
Осыдан соң Қуаныш мектептен шығып кеткен күйі үйіне оралмаған.
Туыстарының айтуынша, баланың жоғалғанын бір сағатқа жуық ешкім байқамаған. Мұғалім кейін отбасына хабарласып, баланың мектептен шығып кеткенін және одан бері көрінбегенін айтқан. Арада біраз уақыт өткен соң қорадан жасөспірімнің денесі табылды. Қайғылы оқиғаның өткеніне жеті ай болғаннан кейін отбасы бұл оқиғаны көпшілікке жариялап, қайғылы жағдайға дейін болған оқиғалардың барлығын жан-жақты әрі объективті түрде тексеруді сұрап отыр.
Біздің арқасүйер танысымыз да, ықпалды адамдармен байланысымыз да жоқ. Біз тек әділдік орнағанын қалаймыз, – деп жазды Қуаныштың әпкесі әлеуметтік желідегі жазбасында.
Полицияның мәліметінше, жасөспірімнің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп жауап берді ведомство өкілдері.