Олимпиада жүлдегері спорт басқармасын басқарады

Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ЖАҢАЛЫҚТАР
1535

Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Министрлікте өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқаруға үміткердің кандидатурасы қаралды.

— Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты №7 облыстық мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасын қолдады, — делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...