Ақсуда үшінші қабаттан құлаған үш жасар бала көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
461

Павлодар облысының Ақсу қаласында үшінші қабаттың терезесінен құлаған үш жасар бала ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 12 маусым күні күндіз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала анасымен бірге үйде болған. Анасы асүйге қысқа уақытқа кеткен сәтте бүлдіршін терезе алдына шығып, маса торына сүйенген. Алайда тор оның салмағына шыдамай, бала үшінші қабаттан құлап кеткен.

Жарақат алған бүлдіршін алдымен Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін жағдайының ауырлығына байланысты Павлодар облыстық балалар ауруханасына шұғыл түрде ауыстырылған.

Дәрігерлер балаға ауыр бас-ми жарақаты диагнозын қойған. Мамандар барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп, ота жасағанымен, бала операция кезінде қайтыс болды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізіліп жатыр.

Ведомство кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынғанын хабарлады. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шешім қабылданады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...