Қазақ айтысы қара жамылды: белгілі ақын өмірден өтті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
106

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген. Қазақ ортасында тәрбиеленіп, қазақ тілінде білім алған ол өмірін ұлттық әдебиет пен айтыс өнеріне арнады.

1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған.

Ақын 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтыста жүлдегер атанды. Оның Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілген. Кейін аудандық және облыстық деңгейдегі сөз сайыстарына қатысып, бірнеше мәрте жеңіске жеткен.

Надежда Лушникова әр жылдары газетте әдеби қызметкер, баспада редактор, мектепте мұғалім болып еңбек етті. 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев мұражайын басқарды.

Ақынның «Елім менің» (1962) және «Көңіл хошы» (1970) атты жыр жинақтары жарық көрді. Соңғы жинағы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болды.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғыра көңіл айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жасыл даму" компаниясы ескі көлігін утилизацияға тапсырған қазақстандықтарға 315 мыңнан 750 мың тең...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін шетелге шығаруға қойылған шектеуді тағы...