Ақтауда 18-қабаттан құлаған қыз көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1694

Ақтауда 17-шағынаудандағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

"Жұмыстан үйге қайтып келе жатып, аула арқылы полицей көліктерінің зырғып өткенін естідім. Не болғанын көруге бардым. Әуелде ештеңе түсінбедім, кейін полицей көлігінің ар жағына өткенімде, қыздың мәйітін көрдім. Ол кіреберіске бір метр жетпей құлаған", - деді оқиғаның куәгері.

Қайғылы жағдай 18 қазанда таңертең болды. Сол күні кеште Маңғыстау облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі болған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның өзге де мән-жайлары нақтыланып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеу жұм...