Қостанайдан Алматыға ұшып бара жатқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында бір ер адам қайтыс болды,...
Ақтөбе облысында 20 күн бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысында екі аптадан астам уақыт бойы ізделген 10 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының 4-сынып оқушысы Мансұр Саматов 29 наурыз күні жоғалып кеткен. Ол басқа балалармен бірге ауылдан 5 шақырым жердегі өзенге барған, сол жерде суға құлап, ағыс алып кеткен. Оның денесі екі аптадан соң табылды.
17 сәуір күні Ақтөбе облыстық ТЖД іздеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Баланың денесі Ілек өзенінен табылды.
– ТЖМ сүңгуірлері жоғалған баланың денесін Ілек өзенінен, жағадан шамамен 3 метр жерде, 1,5 метр тереңдіктен тапты, – деп хабарлады ведомство.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметкерлер, еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты.