Желіде 17 жыл құлдықта өмір сүрген Құндыздың Руслан Өтепбай жайлы айтқан сөздері көпшіліктің жағасын...
Ақтауда жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды
ашық дереккөз
1069
Маңғыстау облысының полиция департаментінде 30 қаңтарда жоғалып кеткен, 38 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады MadeniPortal.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйіті табылған. Өлімнің себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады.
Еске сала кетейік, полиция қызметкерлері оны тәулік бойы іздеп, барлық қажетті шараларды қабылдап, жоғалған адамның жүрген жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.