Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен 14 қазан күні SmArt...
“Таланты жоқ нашақор”: Қайрат Әділгерейдің әйелі танымал әншіге байланысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі жазбасында қазіргі шоу-бизнес пен көрермен талғамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол халық арасында зиянды әдеттері бар өнер адамдарының да танымал болып, концерттеріне көпшілік жиналатынын сөз етті. Сондай-ақ жуырда өткен концерттердің бірін мысалға келтіріп, орындаушының шығармашылығына қатысты сыни пікір айтты.
«Халыққа ішімдікке салынғандар мен нашақорлардың әнін тыңдап, концертіне барған ұнайды. Ештеңені жасырмай-ақ қояйық, БАҚ, халық арасында да солай айтады. Кеше ғана бір концерт өтіп, жастардың бәрін жинады. Вокал да, би де, талант та жоқ», – деп жазды Бақыт Тұрман.
Ол нақты қай концертті немесе қай өнерпазды меңзегенін бұл сөзінде атамаған. Сондықтан жазбадағы пікірдің кімге бағытталғаны белгісіз.
Бақыт Тұрманның бұл пікірі – автордың жеке көзқарасы. Оның ішімдік пен есірткіге қатысты айтқан сипаттамалары нақты тұлғаларға қатысты расталған дерек ретінде емес, жазбадағы пікір ретінде беріліп отыр.