Ақтаулықтар автобусқа кондукторларды қайтаруды талап етті

Фото: pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
778

Ақтау тұрғындары қоғамдық көлікте кондукторлардың жоқтығына шағымданды. Олар бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Көпшілік қала тұрғындары жүргізушілердің жолақыға жауапты болуына байланысты жиі алаңдайды. Өйткені олар көлікті басқарумен қатар төлемді қадағалауға мәжбүр. Бұл өз кезегінде апат қаупін арттырады.

Жолаушылардың пікірінше, салонда кемінде бір кондуктордың болуы тәртіп пен жайлылықты қамтамасыз етеді.

Ақтау әкімдігі қазіргі жағдайды түсіндіріп, кондукторлар тек кейбір бағыттарда ғана жұмыс істейтінін хабарлады:

  •  №2, №4 және №12 маршруттарында – кондукторлар бар;
  • №3 және №5 бағыттарында – тек жарты автобуста;
  • №1, №4М, №6, №7, №8 және №9 маршруттарында – мүлде жоқ.

Шенеуніктер мұны жаңа электронды төлем жүйесінің енгізілуімен байланыстырады. Әр жүргізушіге планшет орнатылған, ал болашақта төлемді тексеруді арнайы бақылау қызметі атқарады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...