Шымбұлақтағы қар көшкіні: тың деректер

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1978

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты. Төтенше жағдай Комсомол шыңы аймағында болған, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Талғар асуында үш адам шаңғы тебу кезінде еңісті кесіп өткен. Нәтижесінде қар сырғып, үшеуі қар құрсауының астында қалған.

Жаңа деректер бойынша, бір тонна қар астынан 34 жастағы ресейлік келіншектің денесі табылды. Оның денесі эвакуацияланып, «Комби-2» станциясына жеткізілді. Қайғылы оқиға 3160 метр биіктікте болған. Ал қар көшкіні шамамен 50 текше метрді құрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бірнеше лауазымға жаңа басшылар та...