Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1102

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылынан 30 шақырым жерде екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлік ішінде 8 адам болған.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, арнайы техниканың көмегімен жолда қалып қойған азаматтарды Толыбай елді мекеніне жеткізген.

Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.