Жойқын жарылыстан 40-қа жуық адам ажал құшты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
3055

Иранда жарылыс болып, құрбан болғандар саны артып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Иранның Бендер-Аббас қаласының портында болған үлкен жарылыстан қаза тапқандар саны 28-ге жетті, мыңнан астам адам зардап шекті.

Елдің оңтүстігінде орналасқан Иранның Бендер-Аббас портында болған жарылыстан кейінгі құрбандар саны туралы мәліметтерді нақтылау әлі мүмкін болмай жатыр. Батыс AFP және AP ақпарат агенттіктерінің мәліметтері бойынша, қазірде 28 адам қаза тапты.

Иран мемлекеттік агенттігі зардап шеккендердің саны 800-ге жуық екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, жоғалған алты адам туралы хабарланды.

Ресей Иранға ТЖМ-ның бірнеше адамдарын жіберді. Тегерандағы Ресей елшілігі порттағы жарылыстан кейін басталған өрттің салдарын жою үшін көмек көрсетілгенін атап өтті.

Иран президенті Махмуд Пезешкиан жағдайды бағалау үшін Бендер-Аббасқа жеке өзі келді. Қазақстан Президенті де Иран президентіне көңілайту жеделхатын жолдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...