Алматының Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, «полицияның 8...
Ақтөбеде анасы мен екі баласы тірідей жанды: Газ құю бекетінің иесі сотталды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Ақтөбеде газ құю бекетіндегі жарылыстан бір әйел мен екі баланың қаза табуына қатысты сот үкімі шықты. Бекет иесі төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 2026 жылдың маусымында болған. Автокөліктің жүксалғышында тұрған тұрмыстық газ баллонын толтыру кезінде жарылыс болып, көлік бірден отқа оранған. Баллонға газдың шамадан тыс құйылуы мен газ беруді тоқтататын “Стоп” батырмасының істен шығуы қайғылы жағдайға әкелген.
Көлік салонында отырған 45 жастағы әйел мен 10 және 6 жастағы екі бала қаза тапты. Отбасының әкесі ауыр күйік алған.
Сот барысында бекет иесінің келтірілген залалды толық өтегені айтылды. Жұбайы мен балаларынан айырылған ер адам онымен медиативтік келісім жасасып, кешірім берген.
Бекет иесі тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларында толтыруға заңмен тыйым салынғанын, алайда тұрғындардың оларды толтыратын басқа орын таппайтынын алға тартқан.
Ақтөбе қаласының №2 соты бекет иесін Қылмыстық кодекстің 281-бабы бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.