Сеута анклавына мигранттар ағылған кезде 67 адам өлген

Фото: bbc

ЖАҢАЛЫҚТАР
619

Мароккодан Испанияның Сеута анклавына мигранттар жаппай өткен кезде 67 адам қаза тапқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Испания үкіметі мәліметінше, кейбірі суға батып өлсе, енді біреулері теңіз қорғаныс бөгетінен өтуге әрекет жасағанда көз жұмған деп хабарлады АР агенттігі.

Билік Сеута жағалауында ұзындығы 500 метрлік қосымша қорғаныс тосқауылын орнатты. Ресми дерек бойынша, анклавқа өткен мигранттардың көпшілігі Мароккоға қайтарылған.

Испания премьер-министрі Педро Санчес оқиғаны "шабуыл" деп атап, жауапкершілікті адам тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топтарға жүктеді.

Еуропаның кей елдері Мадридтің шекараны қорғау әрекетін сынап, Италия Испаниямен шекаралық бақылауды уақытша қалпына келтірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық тасжолда көлік қозғалы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Краков қаласында болған атыс салдарынан адамдарды...