Әлеуметтік желілерде әкімнің мешітте намаз оқып жатқан сәті түсірілген видео кең тарап, жұрттың наза...
Қазақстан Халық Кеңесі қашан құрылатыны белгілі болды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл Қазақстан тарихындағы этникалық, өңірлік, әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандылықты біріктіретін алғашқы жоғары консультативтік орган болмақ.
«Барлық лауазымды тұлғалар, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді анық түсінуі керек», – деді Президент. «Қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Бұл – Қазақстан тарихындағы еліміздің этникалық, өңірлік, әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандығын бойына сіңіретін алғашқы жоғары консультативтік орган. Шын мәнінде, бұл бірегей орган. Бұл конституциялық органның заң шығару бастамасы құқығы бар. Осылайша, салыстырмалы түрде қысқа мерзімде биліктің негізгі институттарының барлығы дерлік жаңартылады. Бұл алдағы реформаларымызға қуатты серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жаңа мемлекеттік институттардың қалыптасуы елдегі реформаларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.
«Нағыз патриот үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Халықтың мүддесі бәрінен жоғары тұруы керек. Біздің ортақ міндетіміз – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру. Халықтың аманатына адал болу – біздің қасиетті парызымыз. Осы жолда жан аямай еңбек ететіндеріңізге сенемін. Құрылтай жұмысына сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!» – деді Мемлекет басшысы.