Елімізде қозғалтқышы бар велосипедтерге қатысты талаптар өзгереді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқ...
Ораза қашан басталады? Нақты күні белгілі болды
Фото: ЖИ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, келесі жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қасиетті Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал ораза аяқталғаннан кейінгі Ораза айт мерекесі 9 наурызға белгіленген.
Құрбан айттың алғашқы күні 16 мамырда басталып, мереке 18 мамырға дейін жалғасады. Оның алдындағы Арапа күні 15 мамырға сәйкес келеді. Күнтізбеде өзге де маңызды діни күндер көрсетілген. Мәселен, Миғраж түні 4 қаңтардан 5 қаңтарға, Бараат түні 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түнге белгіленген. Мұсылман күнтізбесі бойынша 1449 һижри жыл 6 маусымда басталады. Ашура күні — 15 маусым, ал Мәуліт түні 14 тамыздан 15 тамызға қараған түнге сәйкес келеді.
Мүфтият хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде есептелгенін ескертті. Жаңа айдың көрінуіне қарай діни күндер көрсетілген мерзімнен бір күн ерте немесе кеш болуы мүмкін.