Ақтөбеде мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
347

Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында жүк көлігі мен мотоциклдің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан мотоцикл жүргізушісі жарақат алып, алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша мұқият болуға тағы да шақырады», — деп хабарлады полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...