Өскеменде лауазымды тұлғалар 320 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Өскемен қала...
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті
3743
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдарды талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі.