«300-ге жуық таксопарк жабылу мүмкін»: Такси қызметі тағы да қымбаттайды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2135

Қазақстанда такси қызметі екі есеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлады Мadeniportal.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге нақты қанша пайызға өсетіні белгісіз. Бірақ жаңа салық ережесі қабылданса, бұл сала құрдымға кеткелі тұр деп сарапшылар дабыл қақты.

Осыған дейін салыққа 4 пайыз төлеп келген кәсіпкерлер енді 16 пайызға мүлде төтеп бере алмаймыз деп отыр. Сондықтан, еліміздегі 300-ге жуық таксопарк жабылудың аз алдында тұрған көрінеді.

Мәселен, көлікті 1 күнге жалға беру құны қазір 12 мың теңге болса, қосымша құн салығы өссе 22 мыңға дейін қымбаттауы мүмкін. Ал такси жүргізушісі бұл соманы шығару үшін тасымал құнын өсіруге тура келеді. Сөйтіп, көлеңкелі бизнеспен айналысатындардың қатарын арттыруы мүмкін.

Жеме-жемге келгенде, қымбаттаған такси құны халықтың қалтасына салмақ түсіреді. Бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам такси және курьер қызметінде жұмыс істейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...