Ақтөбелік асықшы әлемдік рекорд орнатуға талпынуда

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
310

Ақтөбелік Ерболат Қуанышов 13 жыл бойы асықтан коллекция жинаған.  Оның шеберханасында 3,4 мыңға жуық асық бар, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Асықты жинағаныма 13 жыл уақыт болды. Әуелде 1-2-ден бастап жинадым. Саны көбейген соң, қызығушылық пайда болды. 2017 жылы ЕХРО көрмесіне қатысу туралы ұсыныс түсті. Ол кезде асық саны аз болды, бұзаулы сиыр мүсінін жасау туралы ойым іске аспады. 10 сәуірде санадым, 3378 асық бар. Адамдар келіп, қызықтап, тамашалайды,- дейді ол.

 

 

Ерболат өзі тұратын үйдің сарайы - шеберхана. Мұнда шағын көрме жасақтап қойыпты. Қойдың асығы, топай асықтан бастап, түрлі жіліктен жасалған шежіре жинағы, қабырға мен омыртқа, жауырын мен мүйізден жасаған аспалы шам кез-келгенді қызықтырады. 

 Коллекционердің арманы - Гиннесс рекордын жаңарту. Қазір құжат жинауға кіріскен.

 

 

«Енді Гиннесс рекордтар кітабына енгім келеді. Бір парақ сертификат берсе, 13 жыл жинағаныма үлкен жетістік болар еді», - деді Ерболат Қуанышов. 

Кәсіпкер бүгінгі күні ауқымды жобаны қолға алды. Ол ең үлкен асық мүсінін жасауды бастаған, биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 2 метр болмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлі күнге дейін Олимпиада медалі үшін пә...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастыруын доғармай жүр, деп хабарлады MADE...