Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған қырғызстандық азамат комадан шықты (видео)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1574

Ақтау ауруханасында 25 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асанов комадан шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қырғызстандық ТЖМ дәрігерлер мен жәбірленушінің ағасы жігітпен сөйлесіп жатқаны көрінетін жантебірентер видео жариялады. Кадрлардан Ринаттың ағасы қуанып, оны сүйіп жатқаны көрінеді. Бүгінге дейін жігіт комада болды.

"Жыламаңыз", - дейді дәрігерлердің бірі. 

"Қазірдің өзінде жүрек соғысы жиілеп кетті", - деді оператор.

Мамандар аман қалған Ринатқа алаңдамауға кеңес беріп, бәрі жақсы болатынына сендірді.

"Комадан шықты. Ағаңды танисың ба? Туған бауыры. Бәрі жақсы болады. Жазыласың, содан кейін тойлайсыңдар. Уайымдама. Шыдамды бол", - деді қазақстандық дәрігерлер.

Қазақстандық мамандардың айтуынша, олар Ринаттың палатасына барлық қажет жабдықты қосқан. Сауыққаннан кейін Қырғызстан азаматы үйіне жіберіледі.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...