«Арамызға салқын түссе...»: Қайрат Нұртастың әйелінің жазбасы жұрт назарын аударды

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
162

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлік ұстанымы, жақындарына деген қарым-қатынасы және мінезі туралы жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі көпшілік өзін сырттай басқаша қабылдауы мүмкін екенін айтып, шын мәнінде өзін «жауынгер» сезінетінін жеткізді.

«Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Оның сөзінше, отбасы, балалары, жақындары мен командасына қамқор болуды өзінің жауапкершілігі деп санайды. Сондықтан айналасындағы адамдарға қоятын талабы да жоғары екенін жасырмаған.

«Иә, талабым қатал. Бірақ айналамдағы адамдарды ешкімге ренжіткізе алмаймын. Жақын деп тапқан қарым-қатынасымды құпия, жария ұстау да өз еркімде деп білемін», – дейді ол.

Сонымен қатар актриса адамдармен арадағы қарым-қатынасқа қатысты нақты ұстанымы барын да аңғартты. Оның айтуынша, бір адамды жақын тартса, оны қорғауға дайын, алайда араға салқындық түссе, байланысты біржола үзе алады.

«Ал егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін», – деп түйіндеді Жұлдыз Әбдікәрімова.

СПОРТ

Әзербайжанның «Сабах» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үй матч...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте таудан түсу кезінде бағытынан адасып кеткен екі турист...