Шағын СараптамаБірінші, ШУАР-да карантин шектеулері алынды, барыс-келіс қалпына келді, жол ашылды. Б...
Зауыт өртеніп, 24 адам тірідей жанды
Фото: freepik
14
Индонезияда кондитерлік өнімдер шығаратын зауытта алапат өрт болып, 24 адам көз жұмды. Тағы 34 жұмысшы із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 21 қараша күні кешке Бантен провинциясындағы Чиканде елді мекенінде болған. Өрт ел астанасы Джакартадан шамамен 50 шақырым жерде орналасқан PT Fonusa Agung Mulia кәсіпорнында тұтанған.
Құтқарушылар өртенген ғимараттың үйінділері арасынан жоғалған жұмысшыларды іздестіріп жатыр. Ғимарат құрылымдарының опырылып түсу қаупі іздеу жұмыстарын қиындатқан.