Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясында с...
АРЫН САТҚАН, АҚЫНСЫМАҚҚА АЙТАРЫМ!
Ей, Балтабек! "Ақын болу өз еркің, азамат болу міндетің!" демекші алдымен адами қасиеттен аттама! Сен абзалы қаралып емдел! Сенің диагнозың- "жағымпаздықтың ең жоғары дәрежедегі сатысы"
Таңнан кешке дейін бір тұтас Назарбаевтар әулетін (Н. Назарбаевты,қызы Дариғаны, інісі Болат Назарбаевты т.б.) мадақтап, дәріптеп арыңды сатып, адамгершілік қасиеттен жұрдай болма, ер азамат деген атыңа кір келтірме?! Жігіттік намысың қайда, ойлан!
Балтабек бауырым, Назарбаев отбасына Ода айтудан басқа тақырып таппадыңба?
Көзіңді аш, санаңды өзгерт! Шығармашылық қабілетіңді ертең-ақ ұмтылатын, материалдық жағдайыңды ғана көтеретін бір отбасыға жағынуға жұмсама!
Дарыныңды тірі кезіңде алғысын айтып, ақ батасын беретін, өлгеннен соң Махамбет ақындай мәңгі ұмытпай, еңбегіңді әрдайым дәріптейтін өз халқыңа арна! Үйсіз қаңғып жүрген қазағыңды, жұмыссыз сенделіп жүрген жастарды және көмекке зәру ашынған аналарды отты өлеңдеріңмен рухани қолдап, көздері тойымсыз жемқор, халқына әкіреңдейтін бюрократ әкім мен министрлерді, басшыларды және әділетсіз шешім шығаратын соттарды, заңсыздықты көрмейтін прокурорларды, халыққа қырғидай тиетін полицияларды сынап неге өлең шығармайсың?
Болат Назарбаевқа жағынып арнаған кітабыңда оны "қазақтың қайсар батыры" деп жазыпсың. Құдай сақтасын, Болат көкең елді кімнен қорғап батыр болды? Әлде жерімізді қытайға бермеймін деп батыр болды ма?! Халықтың көз жасына қалып арам жолмен байығандардың барлығын батыр деп ойласаң, жүйкеңде ауытқушылық бар болғаны!
Балтабек інім, сен бір сұхбатыңда Жәңгір ханды «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың», деп отты сөзімен сынаған рухты ақын Махамбет батырдың ханға тіл тигізуі қате, ойы нұрлы емес" деп тіл тигізіпсің.
Қазақ халқының азаттығы мен ұлтық рухтың символы болып табылатын дауылпаз ақын, ер жүрек батыр Махамбетке тіл тигізетін кімсің соншама? Махамбетке тіл тигізуің барша қазаққа тіл тигізуімен бірдей. Марқұм батырдың рухын қорламай, алдымен рухың тұрса мені сынап, тіл тигізіп көр!
Балтабек, сенің "менің таңдауым – президенттік монархия. Тәуелсіздікті алып берген, нұрлы жолды салып берген Нұратамыздың ұрпақтары, Назарбаевтар династиясы ғана бізді билеуі керек" деп Н.Назарбаевті құдайға теңеуің таза ақымақтық, надандық, жоғары сатыдағы жағымпаздық және жалғыз Аллаға серік қосқаның!
Құдай-ау, Назарбаевтар отбасына емешең құрып бара жатса, өзіңнің, әйеліңнің, бала-шағаң мен тума-туыстарыңның аты-тегін түгел Нұрсұлтан Назарбаев деп ауыстырып ал!
Өз кітабыңа өзіңді "жас патриот ақын" деп жазыпсың. Патриот дейтіндей өлеңің арқылы халықтың мұң-мұқтажын көтеріп, ұлт мүддесін жырламадың!
Мен сені арын сатқан, жағымпаз тек байлар мен Назарбаевтардың жеке ақынсымағы дер едім.
Қазақстан ерікті кәсіподақ конфедерациясы БҚО тәуелсіз кәсіподақ ұйым Төрағасы,
қоғам қайраткері.
Орал қаласы.