Әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізіледі

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1639

Енгізілетін жаңа талаптар әскерге баруды кейінге қалдыру рәсімін жеңілдетіп, процесті барынша ашық етуге бағытталған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қорғаныс министрлігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Ведомствоның мәліметінше, өзгерістер әскери қызмет пен әскери-патриоттық тәрбие туралы жаңа заңға сәйкес нормативтік-құқықтық базаны сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отыр.

Жаңашылдықтардың бірі – кейінге қалдыруды eGov порталы арқылы рәсімдеу мүмкіндігі. Бұл азаматтарға уақытты үнемдеп, артық құжатбастылықтан арылуға жағдай жасайды.

Сонымен бірге, әскерге шақырылушылардың нөміріне жіберілетін SMS-хабарламалар ресми ескерту ретінде саналмақ. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл процестің жеделдігін арттырып, шақыру қағазын уақытылы алмау қаупін азайтады.

Министрлік ұсынған өзгерістер жалпы ел бойынша әскерге шақыру ісін цифрландыру мен біріздендіруге бағытталған. 

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...