Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлы...
Ақтауда білім ордасында 30 егіз бала білім алады
Фото: ult.kz
Ақтауда жаңа оқу жылында білім ұясының табалдырығын 7 егіз бала аттады, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Бірінші сыныпқа осынша егіздің келуі ата-аналардан бөлек, ұстаздар қауымын да қайран қалдырып отыр. Жалпы бір мектепте 30 егіз оқушы білім алады екен. Көпшілікті тәнті еткен мектеп табалдырығын биыл 7 егіз балақай аттады. Үшеуі – қазақ, қалған оқушылар орыс сыныбына қабылданды. Жалпы осы оқу ордасында 30 егіз білім алады. Асыл мен Айым 4-сыныпқа аяқ басты. Бір партада отырып, үй тапсырмасын бірге орындайды.
"Бізге бірге оқыған ұнайды. Біз өскенде екеуміз де дәрігер боламыз. Жасым 9-да. Мен цифрлық пән сабағын қатты ұнатамын", – дейді оқушы Асыл Хамидолла.
"Маған егізім қатты ұнайды. Ол маған қажетті кезде көмектесіп жүреді. Маған математика сабағы ұнайды. Сабағымды 4 пен 5-ке оқимын", – дейді оқушы Айым Хамидолла.
Ал Роберт пен Маргарита биыл 5-сыныпқа барды. Ұл бала болашақта ІТ саласын бағындыруды армандаса, қыз бала: "Ұстаз боламын", – дейді.
"Сыңарыммен бір балабақшаға бардық. Қазір бір партада отырамыз. Сабақта бір-бірімізге білгенімізді айтып отырамыз", – дейді Роберт Кошевой.
"Бауырым мені үнемі қолдап, көмектесіп жүреді. Орыс тілі және әдебиет пәнін ерекше ұнатамын", – дейді Маргарита Кошевая.
Ақтаудағы №10 мектепте 2213 бала оқиды. Ұстаздар: "Түрлі сыныпқа барған 30 егіздің сабақ үлгерімі жақсы", – деп отыр.
"Мектепте алғашқы жұмысты 1983 жылы бастадым. Сол уақыттың өзінде менде егіз балалар болды. Енді биылғы оқу жылы да ерекше болды. Біздегі қазақ-орыс сыныбында 7 егізіміз бар", – дейді бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Мәдиева.
Тағы бір айта кетерлігі, Ақтауда Қасым мен Жомарт есімді егіз оқушы тұрады. Олар Президент сияқты мамыр айында дүниеге келген. Білімге зерек ұлдар үш тілде еркін сөйлейді.