«АСПАННАН ЖАУҒАН АТАҚ»

Жаңалықтар
3867

Әсте, дарақылықтың да шегі болушы еді... Мынадай сорақылықты мақтан тұтып, ел-жұрттан сүйінші сұрап жатқан азаматтар атақтан сусап, әбден естен айырылған сынды. Расында инстаграм беті аласапыран! Осы көргенсіздікке көңілі толмаған Базарбек Қамысбаев деген азамат: "Қазақстанда ештеңеге таңғалуға болмайды. Осы сөзді мен әрқашан айтып жүремін. Сондықтан да Instagram парақшасында түрлі атақ алып жатқан адамдарға таңғалмаймын. Бірақ, "Қазақстанның құрметті азаматы" деген атақты алып, соны мақтанып әлеуметтік желілерге салып жатқан адамдарды еш түсіне алмаймын", - депті. Ары қарай оның ойын сабақтар болсақ, бұл жалған атақты кез-келген ақшасы бар сатып алатын көрінеді. 

«Мен дәл қазір атақ "алған" адамдарды емес (олардың бұл нәрсені білмеуі мүмкін емес деп ойлаймын), сол адамдарға ет жүректері елжіреп, "сіз лайықсыз" деген сыңайдағы пікір жазып жатқан қарапайым халықты айтып жатырмын. Пікірлерді оқып отырып, бір-бірімен атақты алған адамның лайықты лайықты еместігіне дауласып жатқан халыққа жаным ашып отыр. Мен сіздерге бірнәрсе айтайын, бұл "атақ" сіздердің оны талқылауларыңызға да тұрмайды. "Қазақстанның құрметті азаматы" атағы ешқандай да мемлекеттік атақ емес! Бұл "атақты" "Қоғамдық награда және атақтар жөніндегі комитет" деп аталатын ЖШС береді. Жай ғана бермейді, сатады. Қалтаңызда артық 1,5 миллион теңгеңіз болса, бұл "атақты" сіз де ала аласыз", - деп жазады автор. 

Осындай келеңсіздіктің жолын кесу мақсатында Базарбек Қамысбаев заңның "ҚР мемлекеттік марапаттар туралы" бөлігіне өзгеріс енгізуді ұсынды. Сондай-ақ: "Егер кез келген қоғамдық бірлестік немесе ЖШС осындай марапаттарды тағайындай алатын болса және бұл марапаттар "ҚР Мемлекеттік марапаттар туралы" заңында белгіленбеген болса, онда бұл заңға нақты өзгерістер енгізу керек деп есептеймін. Бұл ұйымдар өздерінің осындай марапаттарымен тікелей мемлекетке нұқсан келтіріп отыр. Себебі, олардың беретін атақтарында "Қазақстанның құрметті азаматы" деп жазылады, басқа басқа емес, Қазақстанның", - деп сөзін қорытындылады Қамысбаев

Басты гәп мынада болып шықты:

1. "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" атағы ешқандай да мемлекеттік атақ емес!

2. Бұл "атақты" "Комитет по общественным наградам и званиям" деп аталатын ТОО береді.

3. Жай ғана бермейді, САТАДЫ. Қалтаңызда артық 1,5 миллион теңгеңіз болса бұл "атақты" сіз де ала аласыз.

Мемлекетіміздің атауын қалай болса солай пайдаланып, ойыншық етіп жүрген жалғыз ұйым ТОО "Комитет по общественным наградам и званиям" ғана емес. Білім саласына, тіпті Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыл апаты ликвидаторларына қатысты неше түрлі жалған марапаттар баршылық. 

Бір таң қалатын нәрсе, құқық сақтауды қамтамасыз ету жағындағы жұрағаттың үнсіздігі. Мынадай алаяқтық пен сорақылыққа жол беріп, мемлекет атауымен қоса, Азамат деген қастерлі ұғымды көпе-көрнеу аяққа таптату сияқты.

Сонымен кемінде 242 шоу-бизнес «жұлдыздары» «Қазақстанның Құрметті Азаматы» атаныпты. Бояушы дегенге сақалын бояған жұрт болдық. Кезінде мені де «Үздік адамдар» халықаралық бағдарламасына жергілікті мәдениет бөлімі ұсынған болатын-ды. Бір жыл бойы ақша сұрап басымды қатырды. «Заслуженный деятель бірдеңе...» деген орденді көкірегіме тақпақ болып.

Әркімді білген боғын ездіртіп қойған қоғамға қайран қаласың? Оспан батырдың Сталинге: «Салпыншағыңды қатыныңның мойнына ас!» дейтіндей азғана нысап та қалмай барады ма?  Бәрі жылтыр, бәрі жалған!..

З. Самалбекұлы

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...