Жетісу облысында бұрынғы жігітінен 25 млн талап еткен қыз елдің жағасын ұстатты

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
577

Жетісу облысында қыз бұрынғы жігітімен жанжалдасып, оны бопсалауға көшкен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, жастар шамамен 4 ай кездескен. Екеуі айырылысқан соң,  қыз жігіттің өзіне сеніп айтқан сырын жарияға жар саламын деп қорқытқан.

Ол 25 млн теңге талап етіп, бермесе бұл мәліметтерді әлеуметтік желіге жариялайтынын айтқан.

Жігіт мұндай ақшасы жоқ екенін айтқанымен, қыз бой бермей, бопсалауын жалғастырған. Жігіт 200 мың теңге аударып, кейін полицияға жүгінген. Қазір бұл іс аса ірі көлемдегі бопсалау бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...