Астанада 10 жастағы қыз жоғалып кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1106

22 қараша күні Полиция департаментіне 10 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол туған күнді атап өткеннен кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кеткен. Қызды іздеуге мыңнан астам астаналық қатысты.

Іздеу жұмыстары ауқымды түрде ұйымдастырылды. Оған еріктілер, қала тұрғындары, Ұлттық ұлан қызметкерлері және полиция гарнизонының жеке құрамы қосылды. Суық ауа райын ескере отырып, баланың жүруі мүмкін аумақтарды жедел тексеру үшін қосымша күш пен ресурстар жұмылдырылды.

Қыз қоғамдық көліктің бақылаушысы хабарлағанның арқасында табылды. Бала аман-есен ата-анасына қайтарылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...