Елорданың жаңа атауы «Нұр-Сұлтан» деп жазылуы мүмкін

ЖАҢАЛЫҚТАР
4122

Елорданың жаңа атауы «Нұр-Сұлтан» деп жазылуы мүмкін. Мұндай ұсыныс Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясында қабылданды.

«Кешегі Елбасымыздың тарихи шешімі Қазақстанның қайта түлеуіне серпін беріп, үлкен өзгерістердің орын алуына жол ашты. Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы батыл  бастамаларының бірі бүгінде өзінің жеке қолтаңбасына айналған елордамыз болса керек. Сондықтан бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыздың атын оның бас сәулетшісі ҚР-ның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен атап, мәңгілік тарихқа қалдыруды ұсынды», - деп атап өтті сессияға қатысқан елорда әкімі Бақыт Сұлтанов. 

Сонымен қатар ол  елордалықтар Президент Қ.Тоқаевтың қала атауын Нұрсұлтан деп атауы ұсынысын қолдайтындығын баса айтты. Осыдан кейін мәслихат депутаттары Астана қаласын Нұрсұлтан қаласы деп атауды ұсынысқа салып бірауыздан қолдады. Енді мәслихат қала атауын «Нұр-Сұлтан» деп жазу туралы ұсынысты  Үкімет пен республикалық комиссияға жіберіп отыр.  

madeniportal.kz

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...