Астанада 6 жасар бала қыз балаға пышақ кезеніп, елді дүрліктірді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1401

Астанада балалар алаңында адам шошырлық жағдай болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

6 жасар бала футбол алаңында жанжал кезінде қыз балаға пышақ кезенді. Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан балалардың қатты шошынғаны байқалады. Дегенмен, баланың қатарластары қайғылы жағдайдың алдын алды. 

Астана қаласы Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмаған баламен оның заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Онда мұндай әрекеттердің жол берілмейтіні, абай болу және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі түсіндірілді.

«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген полиция хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...