Астанада дрондар шоуы өтпейтін болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1024

Бүгін қаланың алты ауданында жаңажылдық шыршаларды жағу шарасы өтеді. Негізгі алаңдардағы концерттік бағдарламалар сағат 17:30-да басталды. Алайда шара аясында жоспарланған дрондар шоуы өтпейтін болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Осыған дейін мерекелік бағдарлама аясында дрондар шоуы ұйымдастыру жоспарланған еді, алайда ауа райының қолайсыздығына және мамандардың ұсынымына байланысты ол кейінге қалдырылды», - деп хабарлады елорда әкімдігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада қар жауып, бұрқасын соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық құралдарды сақтау мақсатында дрондардың ұшуы уақытша тоқтатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 42 жастағы әйелге жасалған сұмдық шабуылдың мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нұсқасы бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда Астанадағы Түркістан көшесінде болған. Жасөспірімдердің бірі Yutong авт...