Шерзат Полаттың өліміне қатысты күдіктілердің туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal...
Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
96
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан халқына құттықтау жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент өз үндеуінде Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, бұл мереке қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын білдіретінін атап өтті.
«Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев егемендік жылдарында еліміздің көптеген қиындықты еңсеріп, елеулі жетістіктерге жеткенін айтты.
Президенттің сөзінше, Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдығына экономикасы қуатты, халықаралық беделі жоғары мемлекет ретінде жетіп отыр.