Украина президенті Владимир Зеленский ABC News-ке берген сұхбатында Кремльдің Мәскеуде жоғары деңгей...
Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды
Фото: видеодан скриншот
826
Бүгін елордада мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтті. Ол әскерде алған ауыр жарақатынан кейін үш жылға жуық өмірі үшін күресіп келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қоштасу рәсіміне марқұмның туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ Ербаян қызмет еткен Ұлттық ұланның өкілдері қатысты. Жаназа намазы «Шейх Кунта қажы» мешітінде оқылды.
Ербаян Мұхтар 23 маусым күні Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында көз жұмды.
Жас сарбаз әскери қызметін атқару кезінде ауыр бас-ми жарақатын алып, содан бері ауыр халде болған еді.