Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
172

Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент марапаттау рәсімінде ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы алдымызда Әділетті, Таза, Мәдениетті, Өркениетті, түптеп келгенде, Озық ойлы Қазақстанды құру міндеті тұрғанын еске салды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бүгін төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. 

Айтып өтейік, әнші Мақпал Жүнісова екінші дәрежелі “Барыс” орденімен, Татьяна Бурмистрова ең жоғары “Отан” орденімен, театр актрисасы Марина Гранцева ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталып, актер Бақтияр Қожа, актриса Нина Макарова, актер Азат Сейітметовке “Қазақстанның халық әртісі” атағы берілді.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында танымал актер Асан Мәжит, Аян Өтепберген және әнші Дастан Оразбеков бар.

Журналист Әлия Әшім мен жас актер Жасұлан Көпберген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар тізімінде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Алатау қаласына дейін метро желісін ұзарту әзірге жоспарланып отырған жоқ. Оның орнына бил...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ит етінің қоғамдық тамақтану орындарында сатылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес кел...