Астанада ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарын қорлағаны үшін блогер ұсталды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
369

Астаналық блогер өз әлеуметтік желілерінде мүгедектігі бар балалар “күнә үшін берілетін жаза” ретінде туады деп жария түрде мәлімдеген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның бұл сөзі ата-аналардың үлкен наразылығын тудырды. Оқиғаға қатысты елорда полициясы әкімшілік іс қозғаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, интернет кеңістігінде ерекше балалардың ата-аналарына қатысты абыройсыз әрі қорлайтын сөздер айтылған блогердің видеосы таралу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

“Жарияланым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады”, – деп хабарлады ведомство.

Астана қаласы Полиция департаменті желіде қорлайтын материалдар таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

“Мұндай құқықбұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Азаматтарды контент жариялау кезінде жауапкершілік танытуға, басқа адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз”, – деп қосты ведомство өкілдері.

Еске салайық, блогердің видеосы қоғамда кең резонанс тудырды. Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева мәселенің құқық қорғау органдарына жолданғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...