Астанада өрт салдарынан үш бала қаза тапты – ТЖМ

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
784

Астанада 12 сәуірге қараған түні  үш бала қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Хабарламада Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны айтылған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті.

«Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрт орнынан кәмелетке толмаған үш баланың денесі табылды», – деп хабарлады ТЖМ.

Сондай-ақ жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шыққан. ТЖМ мәліметінше, өрт толық сөндірілді, оның шығу себептері анықталып жатыр.

Астана қаласы әкімдігінде зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетілетіні хабарланды. Жағдай ерекше бақылауда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...