Тоқаев Бестеректегі жағдайға байланысты арнайы тапсырма берді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1684

Уржар ауданының бір ауылында Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетінен 10 метр қашықтықта үйдің қақпасы алдында ойнап жүрген балаларды қағып кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға салдарынан екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының бақылауында.

Telegram-арна @abainewskz мәліметінше, жүргізуші ұсталып, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Президенттің тапсырмасы бойынша жуырда Уржар ауданына Қорғаныс министрлігінің әскери-транспорттық ұшағы дәрігерлермен бірге келіп, зардап шеккен балаларға көмек көрсетуде.

Облыс әкімдігінде қаза тапқан балалардың отбасыларына барлық қажетті қолдау көрсетілетіні — жерлеу рәсімін ұйымдастырудан бастап, психологиялық және материалдық көмекке дейін — хабарланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...