Каспий теңізінің жағалауына қызыл түске боялып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ақтауда Кас...
Астанада жігіт футбол қақпасына асыламын деп ажал құшты
Фото: видкодан кадр
2716
Астанада жігіттің үстіне футбол қақпасы құлады. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қайғылы жағдай кеше, 13 ақпан күні “Достық арена” спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт қақпаға асыла бергенде, қақпа жігіттің үстіне құлайды. Марқұм 25 жаста екен.
“Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған”, - деп хабарлады елордалық ПД.