Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылды

www.gov.kz

Жаңалықтар
848

Алматы қаласында Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайдағы таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасай отырып.

Ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді.

Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетерлігі, 2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сүру бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...