Астанада жүк көлігі алты жасар баланы қағып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1506

Астанада аулада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға қаланың әл-Фараби көшесіндегі аулалардың бірінде болған. Dongfeng маркалы жүк көлігі велосипедпен жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақаттарының салдарынан аман алып қалу мүмкін болмаған – бала қайтыс болды.

Оқиға тұрғын үйлер арасындағы аулада болған. Алдын ала деректер бойынша, 38 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі аулада қозғалыс кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, баланы қағып кеткен. 

Бұл дерек бойынша жасөспірімнің өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге аула ішінде және тұрғын үй алаптарында ерекше мұқият және сақ болу қажеттігін ескертеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...