Астанадағы Бас мешітте жанжал болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1246

Елордадағы танымал Орталық мешіт әкімшілігі жұма намазына дейін екі жігіттің арасында жанжал шыққанын хабарлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында намаз қатарындағы орынға байланысты екі жас жігіттің арасында түсініспеушілік болған.

– Жұма намазына келген екі жас жігіттің арасында отыру орнына байланысты келіспеушілік болды. Оқиға орнына дереу мешіт қызметкері барып, оларды сабырға шақырып, жағдайды реттеді. Жақында ғана ислам құндылықтарына бет бұрған бұл жастарға ислам бейбітшілік діні екенін, ал мешіт Жер бетіндегі Алланың үйі, құлшылық орны екенін, онда дау-дамай мен жанжалға орын жоқ екенін түсіндірілді, – делінген хабарламада.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...