Астанадағы ескі вокзал асханасының төбесі опырылып түсті

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

ЖАҢАЛЫҚТАР
781

Астанадағы ескі вокзалда орналасқан асхананың төбесі опырылып түсті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, төбе құлаған сәтте асхана ішінде сегіз-тоғыз адам болған. Келушілердің басым бөлігі дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Бір әйел жеңіл жарақат алып, денесін соғып алған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 маусым күні таңғы сағат 05:35 шамасында вокзал аумағындағы «Етас» ЖШС-не тиесілі қоғамдық тамақтану орнында болған.

Астана вокзалының медициналық пунктіне қоғамдық тамақтану орнының екі келушісі жүгінді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Келушілер жедел жәрдем бригадасын шақырудан бас тартты. Оқиғаға байланысты вокзал бастығының кезекші көмекшісі тиісті акт рәсімдеді, – деп мәлімдеді компания.

ҚТЖ мәліметінше, асхана орналасқан орын ескі вокзал ғимаратының жекеменшікке тиесілі бөлігінде орналасқан. Сондықтан аталған нысанның техникалық жағдайына оны иеленуші жауапты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылы 25 қазанда Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту бойынша ауқымды экологиялық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен...