Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық SAINt JHN деген орындаушының "Roses...
Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып, мерт қылды
Ашық дереккөз
Талдықорғанда жолаушылар автобусының астында әйел қаза тапты. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 15 мамырда болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қорқынышты жол апаты туралы әлеуметтік желіде журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлаған.
«Кеше Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл — отбасы үшін ауыр қайғы. Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды», — деп жазады журналист.
Жетісу облыстық Полиция департаментінде жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, “Isuzu” маркалы автобустың жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан әйел адам қаза тапты», — деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.