Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайда өткен WTA 500 санатындағы турнирде екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің финалында жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған әрі турнирде бірінші нөмірмен тіркелген қазақстандық спортшы шешуші кездесуде әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен шеберлік байқасты», – делінген жексенбі күні жарияланған хабарламада.

Кездесу екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:2, 6:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

«Теннисшілер кортта 1 сағат 17 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш рет эйс жасап, екі қос қателікке жол берді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, қазақстандық теннисші Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің екінші жыл қатарынан чемпионы атанды», – деп мәлімдеді федерация.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында SHACMAN маркалы самосвал мен Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пой...

Әлем

Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға салд...