Астананың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді

Фото: Астана қаласы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2309

Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл – таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.

Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.

Қатысу шарттары:

  • Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.
  • Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...