Ата-аналары құқық қорғау органдарында жұмыс істейді: Алматыда студент жатақханада соққыға жығылғанын мәлімдеді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
410

Желіде Әзел Дархан есімді қыз жазба жариялап, 2025 жылғы 17 желтоқсанда жатақханада өзін екінші курс студенттері соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеп.

Студенттің сөзінше, оқиға кезінде айналасында адамдар болған, алайда олар араша түспеген.

“Мені қылқындырды. Басымды қабырғаға және темір кереуетке соқты. Шашымнан сүйреді. Күшпен ұстап, шығуыма мүмкіндік бермеді. Күшім кетіп, жағдайым нашарлап бара жатқанын түсіндім. Айналамдағылар жай қарап тұрды”, – деп жазды ол.

Оның сөзінше, жанжалға жатақханадағы тазалық мәселесі себеп болған. Оқиғадан кейін қызды жедел жәрдем шақырылып, оған бас-ми жарақаты, гематомалар және өзге де дене жарақаттары диагнозын қойған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...