Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды,...
Атырау облысында жастар иттің үстіне жанармай құйып жағып жіберді
Фото: freepik.com
3032
Атырау облысында жастар иттің үстіне жанар жағар май құйып, жағып өлтірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылдың жаз айында сотталушылар көшеден итті ұстап алып, оны бағанаға байлаған. Сотталушының бірі иттің үстіне жанар-жағар май құйып, өртеген, ал екіншісі итті темірмен бірнеше рет ұрып өлтірген.
Сотталушылар ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды.
Сот оларға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.