«Қазақмыс» компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-...
Атырауда автобус жүргізушісі кішкентай баланы қағып кетті
Фото: ЖИ
1406
Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 тамыз сағат 13:30 шамасында Тасқала ықшам ауданында қайғылы жол апаты болды. Автобус аялдамасының жанында 2015 жылы туған жасөспірім жолды кесіп өтпек болған сәтте көлік астына түсіп қалды.
Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан бала жедел жәрдем көлігінде алған жарақатынан көз жұмды.
Полиция тұрғындарды жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өту қажеттігін, көлік жүретін аумаққа жақындағанда барынша сақ болуды, ал жүргізушілер аялдамалар мен тұрғын үй аумақтарының маңында жылдамдықты міндетті түрде төмендетуі тиіс екенін ескертеді.