Қылқалам шебері елорда мерейтойына орай көрме өткізді

КІТАПХАНА
2579

Менің замандастарым. Дәл осындай атаумен танымал қылқалам шебері Аманқос Ақанаев көрме өткізді. 

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен қолға алынған шараға суретшінің ондаған таңдаулы туындысы қойылды. Оның ішінде әртүрлі жанрда салынған және өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін туындылар бар. Бұған қоса мұнда Ақанаевтар әулетінің қолынан шыққан картиналар да қойылған. Айта кетейік, Аманқос Ақанаев еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және Қазақстан көркемөнер академиясының президенті. Оның шығармалары бұған дейін АҚШ, Испания, Германия, Ресей сияқты елдерде көрсетілген. Ал «Астанадағы шараны қаланың мерейтойына арнап ұйымдастырдым» дейді автор.

Аманқос Ақанаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

 - Мына көрмеге біз 9 жыл дайындалдық. 9 жыл болғанда Астананың 20 жылдығына дайындалдық. Ол көбінесе портреттер осы Астанаға қатысы бар адамдардың, Астананы сүйетін, Астана жақсы көретін.

www.24.kz

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...